Таиланд бірқатар мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады, деп хабарлайды Arnapress.kz Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне сілтеме жасап.
Таиланд Министрлер кабинетінің тиісті шешімі 2026 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енеді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиланд аумағында елге кірген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз бола алады.
Бұл ретте әрбір 180 күндік кезең ішінде Таиландта болудың жиынтық мерзімі 90 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Осыған байланысты Таиландқа сапар жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Егер елде 30 күннен астам уақыт болу қажет болса, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет.
Фото: ЖИ
