Лента новостей

Абай облысында тағы бір ауыл алкогольден бас тартты

Алкогольден бас тарту

Абай облысында тағы бір ауыл тұрғындары алкоголь өнімдерін тұтынудан толықтай бас тарту жөнінде саналы шешім қабылдады деп Arnapress.rz хабарлайды Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысы, Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылдық округіндегі Лесной ауылындағы бұл бастама ауылдың қоғамдық өмірінде салауатты өмір салтын басты құндылық ретінде насихаттауға бағытталған.

Ауылдағы 170 тұрғын мен 34 аула тұрғындарының қолдауымен жүзеге асқан бастама Жетіжар ауылдық округіне жауапты Бесқарағай ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мұрат Шакимұратовтың ұсынысымен көтерілді. Ақсақалдар, қоғамдық кеңес мүшелері және белсенді ауыл тұрғындары бұл шешімді толық қолдады.

Ауыл ақсақалдары атап өткендей алкогольден бас тарту – бұл тек ішімдіктен тыйылу емес, болашақ ұрпақтың амандығы мен ауылдың берекесі үшін жасалған ортақ шешім.

"Лесной ауылының тұрғындары көрсеткен бұл бірлік пен саналы таңдау – құқық бұзушылықтың алдын алудағы ең тиімді жол. Халық пен полиция арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықтың арқасында осындай нәтижеге қол жеткізілді. Бұл бастама өзге ауылдарға да үлгі болады деп сенемін" – дейді.Полиция майоры Мұрат Шакимұратов.

Ауыл тұрғындары мен жастар спорттық жарыстарға, мәдени іс-шараларға белсенді қатысып, қоғамдық өмірге үлес қосуда. Бұл бастама қоғамдағы тұрақтылықты, тәртіпті және рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды, Полиция департаменті баспасөз қызметі

Просмотров (250)
ТопДок 1