Лента новостей

Қауіпсіздік ережелері: көміртек тотығынан қалай сақтанамыз

Қауіпсіздік ережелері: көміртек тотығынан қалай сақтанамыз

Жылыту маусымында адам өміріне аса қауіпті көміртек тотығымен улану қаупі артатындықтан Абай облысы, Семей қаласы әкімдігі хабарлайды дейді Arnapress.kz тілшісі. 
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін:

  • пештердің, қазандықтардың және газ жабдықтарының жарамдылығын тұрақты түрде тексеріп отыру қажет;
  • түтін мұржалары мен желдету арналарының таза әрі ашық болуын қадағалау керек;
  • үй-жайда таза ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз етіп, желдету саңылауларын жаппау қажет;
  • ақауы бар жылыту құрылғыларын пайдаланбау керек;
  • пештер мен жылытқыштарды қараусыз қалдырмау қажет;
  • газ плиталарын үй-жайды жылыту үшін қолданбау керек;
  • отын толық жанып біткеннен кейін ғана түтін мұржасының жапқышын жабу қажет;
  • жер үйлерге көміртек тотығының датчиктерін орнату ұсынылады.

Уланудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу таза ауаға шығып, жедел қызметтерге қоңырау шалу қажет: 112, 103.

Фото: Семей қаласы әкімді

Просмотров (196)
ТопДок 1