Жылыту маусымында адам өміріне аса қауіпті көміртек тотығымен улану қаупі артатындықтан Абай облысы, Семей қаласы әкімдігі хабарлайды дейді Arnapress.kz тілшісі.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін:
- пештердің, қазандықтардың және газ жабдықтарының жарамдылығын тұрақты түрде тексеріп отыру қажет;
- түтін мұржалары мен желдету арналарының таза әрі ашық болуын қадағалау керек;
- үй-жайда таза ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз етіп, желдету саңылауларын жаппау қажет;
- ақауы бар жылыту құрылғыларын пайдаланбау керек;
- пештер мен жылытқыштарды қараусыз қалдырмау қажет;
- газ плиталарын үй-жайды жылыту үшін қолданбау керек;
- отын толық жанып біткеннен кейін ғана түтін мұржасының жапқышын жабу қажет;
- жер үйлерге көміртек тотығының датчиктерін орнату ұсынылады.
Уланудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу таза ауаға шығып, жедел қызметтерге қоңырау шалу қажет: 112, 103.
Фото: Семей қаласы әкімді
