Лента новостей

Абай облысында жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды

жол, оқиға, көлік, аударылу, Аягөз

Оқиға Аягөз қаласынан Бақты ауылына жүк тасымалдау бағытында болған. XCMG XGA3251D5WC маркалы жүк көлігін басқарған 34 жастағы жүргізуші қауіпсіз жылдамдықты сақтамай, оңға бұрылу кезінде көлік құралын басқара алмай қалған, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Салдарынан жүк көлігі жолдың сол жақ бөлігіне аударылған. Зардап шеккендер жоқ. Алайда жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы көлік құралына, тасымалданған жүкке және жол инфрақұрылымына материалдық залал келтірген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, материалдық залал келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (270)