Семейдің Қарағайлы ықшам ауданында жаңа заманауи тұрғын үй кешені салынады, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап.
Құны 100 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жоба 100% тікелей шетелдік инвестиция есебінен жүзеге асырылады.
Жоба 9,5 гектар аумақты қамтиды. Мұнда:
12 қабатты тұрғын үйлер;
2 112 пәтер;
1 771 автотұрақ;
аумақтың 35%-ын көгалдандыру;
субұрқағы бар саябақ;
"автокөліксіз аула";
жеке балабақша және дамыту орталығы;
коммерциялық нысандар салынады.
Сонымен қатар тұрғын үй кешенінде Smart City жүйесі енгізіліп, заманауи қауіпсіздік технологиялары қолданылмақ.
Жобаны "Cornerstone Construction" ЖШС мен "Семей" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ бірлесіп, Абай облысы әкімдігінің қолдауымен іске асырады.
Бұл жоба Қарағайлының одан әрі дамуына, жаңа инфрақұрылымның қалыптасуына және Семейге жаңа инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Фото: Абай облысының әкімдігінің баспасөзінен
