Лента новостей

Абай облысында Семей тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті: көлігі жырадан табылды

іздестіру, жоғалды, адам, Семей

Абай облысында Семей қаласының 44 жастағы тұрғыны Ринат Ахметов іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. 

Ол 2026 жылғы 4 қарашада үйінен шығып кеткеннен кейін хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 7 қарашада жоғалған азаматтың 69 жастағы әкесі "102" арнасына хабарласып, көмек сұраған.

Іздестіру шаралары барысында 9 қарашада Бородулиха ауданына қарасты Алексеевка ауылынан шамамен 15 шақырым жердегі жырадан Ринат Ахметов мінген Lexus LX 570 автокөлігі табылған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру және жедел-іздестіру шараларын жалғастырып жатыр. Іздеу жұмыстары көлік табылған аумаққа жақын жерлерде де жүргізілуде.

Полиция Ринат Ахметовтің қайда екені туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды немесе 4 қарашадан бері оны не көлігін көрген адамдарды "102" нөміріне хабарласуға шақырады.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (119)