Лента новостей

Семейде 60 жастағы ер адам биіктіктен құлап, көз жұмды

биіктік, құлау, тергеу, Семей

Қайғылы оқиға 11 қараша күні сағат 13:53 шамасында Семей қаласында болған, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 60 жастағы ер адам биіктіктен құлау салдарынан қаза тапқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал ету) бойынша тіркелді. 

Полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін хабарлады.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

Просмотров (75)