Лента новостей

МӘМС аясында Семейде варикоз ауруына хирургиялық ем жүргізіледі

ем, шара, варикоз, МӘМС, Семей

"Семей медицина университеті" КеАҚ Университеттік госпиталінде төменгі аяқ-қолдардың варикозды ауруының асқынуына байланысты пациентке хирургиялық ем жүргізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ӘМСҚ Абай облыстық филиалына сілтеме жасап.

"Пациент қабылдау бөліміне сол жақ балтырдағы кеңейген теріасты веналарының бойында ауырсынатын тығыздалу мен қызаруға шағымданып жүгінген. Тексеру нәтижесінде төменгі аяқ-қолдың беткей веналарының тромбофлебиті анықталды. Клиникалық жағдайды ескере отырып, хирургиялық араласу туралы шешім қабылданды. Пациентке үлкен теріасты венасына кроссэктомия операциясы жасалды. Операция патологиялық веноздық қан ағымын жоюға және тромбоздық үдерістің одан әрі таралуының алдын алуға бағытталған. Операциядан кейінгі үшінші тәулікте пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды", - делінген хабарламада

Айта кетейік, варикоз ауруын жоспарлы түрде хирургиялық емдеу медициналық көрсетілімдер болған жағдайда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі шеңберінде жүргізіледі.

Фото: Жасаанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (122)