Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап.
Жиында Мемлекет басшысының армияны қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мәселелері талқыланып, Қарулы күштерді одан әрі дамыту мен реформалаудың негізгі бағыттары айқындалды.
Министр әскери басқару жүйесін жетілдіру, армияның жауынгерлік қабілетін арттыру және заманауи талаптарға сай дамыту бойынша нақты міндеттер қойды.
Кеңес барысында белгіленген міндеттерді сапалы әрі уақтылы орындау, сондай-ақ Қарулы күштердің әлеуетін одан әрі нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінен
