Қазақстанда автокөлік алаяқтығымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
"Тергеу мәліметінше, күдіктілер банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына автокөліктерді кепілге рәсімдеп, кейін оларды шетелге заңсыз шығарып, қайта сатқан. Алдын ала деректер бойынша, осындай жолмен шетелге 56 автокөлік шығарылған. Қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қою мақсатында ІІМ қызметкерлері еліміздің 10 өңірінде бір мезгілде жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 48 адам полицияға жеткізіліп, қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары шетелге шығарылған көліктерді іздестіріп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауында.
Фото: Жасанды интеллект арқылы
