Лента новостей

 iPhone-ның жаңа моделін арзан бағамен ұсынып жатқан алаяқтарға алданып қалмаңыз

алаяқтық, смартфон, төмен баға, алдау

Абай облысы Полиция департаменті азаматтарды жаңа iPhone модельдеріне жалған алдын ала тапсырыс қабылдау арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап. 

Алаяқтар жабық Telegram-арналар ашып, смартфондарды сатылымның алғашқы күндерінде нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен бағамен жеткізуді ұсынады. Арзан бағаны "көтерме сатып алумен" түсіндіреді.

Сенімге кіру үшін жалған жүкқұжаттарды, смартфон қораптарының фотосуреттерін, сондай-ақ курьерлермен және қойма қызметкерлерімен болған деген жалған хат алмасуларды көрсетеді.

Кейін сатып алушыдан алдын ала төлемді жеке тұлғаның банк картасына аударуды немесе криптовалюта арқылы төлеуді сұрайды. Ақша түскен соң алаяқтар Telegram-арнаны өшіріп, клиентті бұғаттап, байланысқа шықпай қояды.

Полиция азаматтарға:

тым тиімді әрі күмәнді ұсыныстарға сенбеуге;
сатушы туралы ақпаратты алдын ала тексеруге;
бейтаныс адамдарға ақша аудармауға;
техниканы тек ресми және сенімді дүкендерден сатып алуға кеңес береді.

Сонымен қатар банк картасының деректемелерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу сұралады.

Фото: ЖИ

Просмотров (158)
Транспорт и перевозки
ТопДок 1