Лента новостей

Шымкентте заңсыз медициналық қызмет үшін бас бостандығынан айырылды

медицина, лицензия, қылмыс, операция, Шымкент

Шымкент қаласында тиісті маман сертификаты мен медициналық қызмет көрсету лицензиясы жоқ тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz Шымкент прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Сот анықтағандай, ол пластикалық хирургия саласында заңсыз қызмет көрсетіп, жәбірленушіге блефаропластика операциясын жасаған. Отадан кейін жәбірленушінің бір көзінің көру қабілеті толық жоғалған.

Сот үкімімен тұлға ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, сотталған адамға 3 жыл мерзімге медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Прокуратура азаматтарға медициналық қызметті тек тиісті лицензиясы бар медициналық ұйымдардан және білікті мамандардан алуға кеңес береді.

Фото: ЖИ

Просмотров (130)
ТопДок 1