Лента новостей

Семей қаласындағы автобус маршруттарының қозғалысы өзгереді

автобус, маршрут, өзгеріс, Семей

Семей қаласындағы №1, 4, 17, 22, 44 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасының өзгеруіс болады, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімінің баспасөзіне сілтеме жасап.

Абай облысының Семей қаласында Шырақбек Қабылбаев көшесі бойында Дастенов көшесінен Силин көшесіне дейін жылу желілерін тарту бойынша жер қазу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қалалық автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.

Өзгеріс мерзімі: 2026 жылғы 17 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін (қоса алғанда).

№1, 4, 17, 22, 44 маршруттары: "Қала" бағытына қарай "Қабылбаев" аялдамасынан кейін оңға бұрылып, Силин көшесіне шығады, одан әрі солға бұрылып Қошқарбаев көшесіне, кейін солға бұрылып Дастенов көшесіне шығады және әрі қарай бекітілген маршрут сызбасы бойынша қозғалады.

Кері бағытта қозғалыс осыған ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады.

Ескерту: Қозғалыс сызбасының уақытша өзгеруіне байланысты автобустар "Радуга 343-ші орам" аялдама пунктіне тоқтамайды.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (130)
Транспорт и перевозки
ТопДок 1