Лента новостей

Халықаралық іздеудегі күдікті Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

алаяқтық, күдікті, ұстау, Грузия

Қазақстан азаматы бірнеше рет аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2020–2023 жылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Ол сенімді тұлғалардың атына тіркелген шаруа қожалықтарын, асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу туралы жалған шарттар мен басқа да жалған құжаттарды пайдаланып, жеңілдетілген кредиттер мен мемлекеттік субсидияларды заңсыз алған.

Нәтижесінде мемлекетке және өзге де жәбірленушілерге 238 миллион теңгеден астам залал келтірілген.

Қылмыстан кейін күдікті Қазақстаннан бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланған. Ағымдағы жылдың наурыз айында Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстар бойынша мүлікті тәркілеу және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Фото: ЖИ

Просмотров (115)
ТопДок 1