Лента новостей

Қазақстанда жылу төлемдері қайта есептелді

жылыту, маусымы, энергия, есептеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық департаменттері 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеуді аяқтады, деп хабарлайды Arnapress.kz министрлікке сілтеме жасап. 

Жалпы қайта есептеу сомасы ҚҚС-ты қоса алғанда 1,217 млрд теңгені құрады.

Қайта есептеу сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып жүргізілді. Тиісті сома тұтынушының дербес шотында аванс (сальдо) ретінде жеке жолмен көрсетіледі.

Өңірлер бойынша:

Астана – 460,67 млн теңге;
Алматы – 57,77 млн теңге;
Шымкент – 38,50 млн теңге;
Абай облысы – 0,27 млн теңге;
Алматы облысы – 12,70 млн теңге;
Ақмола облысы – 13,98 млн теңге;
Атырау облысы – 22,09 млн теңге;
Ақтөбе облысы – 11,03 млн теңге;
Шығыс Қазақстан облысы – 298,56 млн теңге;
Жамбыл облысы – 26,06 млн теңге;
Батыс Қазақстан облысы – 1,82 млн теңге;
Қостанай облысы – 25,69 млн теңге;
Қызылорда облысы – 42,21 млн теңге;
Маңғыстау облысы – 161,60 млн теңге;
Павлодар облысы – 29,11 млн теңге;
Солтүстік Қазақстан облысы – 14,59 млн теңге;
Түркістан облысы – 0,37 млн теңге.

Қарағанды, Ұлытау және Жетісу облыстарында жеке қайта есептеу жүргізілген жоқ. Себебі бұл өңірлерде жылумен жабдықтау қызметінің құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле отырып есептелген.

Ал Астана қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы кезінде төлемдер сыртқы ауаның нақты температурасына байланысты ай сайын түзетіліп отырды.

Салыстыру үшін: 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының қорытындысы бойынша есепке алу аспаптары жоқ тұтынушыларға 1,5547 млрд теңге сомасына қайта есептеу жүргізілген.

Қайта есептеуге қатысты сұрақтарыңыз болса, ТМРК-ның аумақтық департаменттеріне хабарласуға болады.

Абай облысы: (7222) 52-17-91
Астана: (7172) 57-50-28
Алматы: (727) 279-31-39
Шымкент: (7252) 32-15-07

Толық ақпарат пен басқа өңірлердің байланыс нөмірлері Табиғи монополияларды реттеу комитетінің аумақтық департаменттерінде қолжетімді.

Фото: ЖИ

Просмотров (124)
ТопДок 1