Лента новостей

Абай облысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері анықталды

алкоголь, өнім, сауда, ұсталды

Аягөз ауданының прокуратурасы "Саналы ұрпақ" және "Айқын нәтиже" жобаларын іске асыру аясында алкоголь өнімдерін сату саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында лкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып сатудың 16 фактісі анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz прокуратураға сілтеме жасап

Қазіргі таңда аудан аумағында алкоголь өнімдерін сататын 149 сауда нысаны жұмыс істейді.

Анықталған құқық бұзушылықтардың барлығы бойынша кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, прокуратура кәсіпкерлермен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, алкоголь өнімдерін белгіленген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде тыйым салынған уақытта сатқаны үшін көзделген жауаптылықты түсіндірді.

Прокуратураның жұмысы құқық бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмей, олардың алдын алуға, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған.

Фото: ЖИ

Просмотров (94)
ТопДок 1