Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz Президент кеңесшісі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.
Бұл шешім Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау аясында басшылық құрамды жаңарту қажеттілігіне байланысты қабылданған. Сондай-ақ күштік құрылым қызметкерлерінің жемқорлыққа қатысты күдіктілерді ұстау кезіндегі әрекеттерінде жіберілген қателіктер де ескерілген. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланды.
Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қоры мен "Қазақстан темір жолы" басшыларына қатысты тергеу барысын бақылап отырғанын атап өтті. Президенттің жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұстанымы өзгермейтінін жеткізді.
Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді. Жиында қызметтік тәртіпті күшейту, полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері қойылды.
Президент министр Ержан Сәденовке полиция қызметкерлері арасында тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды.
Фото: egov.kz
