Лента новостей

Абай облысында малға жарық шағылыстырғыш элементтер тағылуда

мал, жарық, шағылыстырғыш, тағу, Абай облысы

Қараңғы уақытта жолға шыққан мал жүргізушілер үшін үлкен қауіп төндіреді. Осыған байланысты Абай облысының полицейлері төрт түлікке жарық шағылыстырғыш элементтер тағу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Өңірде малдың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары салдарынан 2 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған.

Сонымен қатар, полицейлер қараусыз жүрген 11 438 бас малды анықтап, уақытша ұстау орындарына орналастырды. Оның ішінде бұрын есепке алынбаған 613 бас мал тиісті сәйкестендіру рәсімдерінен өткізіліп, ақпараттық жүйеге енгізілді.

Фото: Полиция департаментінен

Просмотров (164)