Семей қаласындағы Мұхамедханов көшесі, №77 үй маңында көлік қозғалысының жылдамдығы 40 км/сағ-қа дейін шектеледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұған 9 қарашада аталған учаскеде кәмелетке толмаған баланы көлік қағып кеткен жол-көлік оқиғасы себеп болды.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері бағдаршам орнату туралы ұсыныс жолдады. Сонымен қатар, "Сергек" жүйесі арқылы жылдамдықты бақылау параметрлерін 40 км/сағ шегіне сәйкес баптау жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жол белгілері де орнатылады.
Оқиға салдарынан зардап шеккен бала ауруханаға жеткізіліп, медициналық тексеруден кейін үйіне жіберілген. Ал жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фото: Жасанды интеллект арқылы
