16 тамыз күні Мақаншы ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округінің ашық аумағында құрғақ шөптің жануы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz ТЖД сілтеме жасап.
Өртті жоюға ТЖД, Шекара қызметінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары және “Ауыл құтқарушылары” тартылды.
Барлығы 77 адам және 10 техника жұмылдырылды.
Жағдай бақылауда. Өрттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Өрттің ҚР мемлекеттік шекарасына өту қаупі жоқ.
Фото: ТЖД видеосынан скрин
