Павлодар облысында прокуратура қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде режим талаптарының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Тексеру барысында мекемелердің бірінен 15 смартфон, 6 Wi-Fi-роутер, құлаққаптар, USB-кабельдер, флеш-карталар, Sony PlayStation ойын приставкасы және басқа да тыйым салынған заттар табылып, тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы – "Салғырттық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта тыйым салынған заттардың мекемеге қалай жеткізілгені және оған кімдердің қатысы бар екені анықталуда.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Фото: Жасанды интеллект бойынша
