Лента новостей

ІІМ: Заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылды

стримерлер, бқылау, тікелей, эфир

Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде заңсыз контент таратқан стримерлерге қатысты бақылауды күшейтіп, республика бойынша 20-дан астам азаматтың жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz ІІМ сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, көп қаралым, лайк және донат жинауды мақсат еткен кейбір стримерлер тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлаған. Мұндай контенттің кәмелетке толмаған балалардың да еркін қол жеткізуінде болуы ерекше алаңдаушылық туғызады.

Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша бірнеше азаматқа әкімшілік жаза қолданылды. Атап айтқанда, Шымкент қаласының тұрғыны Ербол Дүйсенбаев TikTok-та тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Талдықорған қаласының тұрғыны Гүлмира Қасенова да TikTok-тағы эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік айыппұл алды. Бұған дейін де осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны ескерілген.

Павлодар қаласының тұрғыны Аслан Амантаев көлік жүргізіп отырып тікелей эфирге шығып, қауіпсіздік белдігін тақпаған және балағат сөздер айтқан. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Сондай-ақ Түркістан қаласының тұрғыны Баян Шанкеева “bayan_kyz”, “fatima.sh0000” және “fatima_s003” аккаунттары арқылы жүргізген тікелей эфирлерінде бейәдеп сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

ІІМ цифрлық кеңістікті құқыққа қайшы контенттен тазарту және қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды жауапкершілікке тарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Ведомство заң талаптары интернет кеңістігінде де, күнделікті өмірде де баршаға бірдей міндетті екенін еске салды.

Фото: ЖИ

Просмотров (151)
ТопДок 1