Лента новостей

Тегін дәрі-дәрмек бойынша жаңа чат-бот іске қосылды

денсаулық, тегін дәрі, бот чат

"СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы азаматтарға тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік беретін жаңа чат-ботты іске қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Жаңа сервис арқылы пайдаланушылар дәрілік препаратты алу мәртебесін тексеріп, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тәртібі туралы мәлімет алып, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауап таба алады. Бұл қызмет қажетті ақпаратты бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, чат-бот азаматтарға медициналық қызметтерді қолжетімді әрі ыңғайлы ету мақсатында әзірленген. Жаңа сервисті пайдалану тәртібі мен оның негізгі мүмкіндіктері арнайы бейнероликте көрсетілген.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарынан алуға болады.
Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz

Фото: ЖИ

Просмотров (112)
ТопДок 1