Лента новостей

Алматыда діни материал таратқан адам жазаланды

Алматыда діни материал таратқан адам жазаланды

Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы мониторинг барысында діни қызмет саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz діни басқармаға сілтеме жасап.

Осыған байланысты 2026 жылғы 24 шілдеде азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Әкімшілік іс жүргізу барысында азамат өз кінәсін толық мойындады. Нәтижесінде іс қысқартылған тәртіппен қаралып, оған әкімшілік айыппұл салынды.

Бұған дейін аталған блогер сән көрсетілімі кезінде подиумға шыққан қыз балалар туралы жариялаған бейнеүндеуінен кейін қоғам назарын аударған болатын. Ол балалардың мұндай іс-шараларға қатысуын діни тұрғыдан сынға алған. Аталған жарияланым қоғамда түрлі пікірталас туғызды.

Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы азаматтарды діни қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтауға шақырды.

Ведомство заң талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Фото: ЖИ

Просмотров (123)
ТопДок 1