Лента новостей

Семейдегі бір кешен тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін көтерді

автобус, шағым, Қарағайлы

Редакциямызға Семей қаласы, Қарағайлы шағынауданының тұрғынынан қоғамдық көлік қозғалысына қатысты шағым келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz

“Таңғы сағат 06:25 шамасында №4, №34, №36 және №41 бағытындағы автобустар мүлдем келмейді. Ал келген күннің өзінде олардың қозғалысы баяу болғандықтан, жолаушылар жұмысқа кешігу қаупіне тап боламыз. Мәселен, №4 автобус жолды шамамен бір сағатта жүріп өтсе, №34, №36 және №41 бағыттарындағы автобустар 40–45 минут уақыт жұмсайды”, - дейді тұрғындар.

Осыған байланысты тұрғындар таңғы маршруттардың санын көбейтіп, қозғалыс кестесін қайта қарауды сұрайды.

Фото: Arnapress.kz

Просмотров (116)
ТопДок 1