Семейде Мұхаметханов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Arnapress.kz ПД сілтеме жасап.
10 қыркүйек күні сағат 11:00-ден бастап жылу желілерін ауыстыру жұмыстарына байланысты Мұхаметханов көшесінің Шмидт көшесінен Абай көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама бағыттарды таңдау сұралады.
Фото: ПД
