2026 жылғы 17 қыркүйекке дейін Семейдің көрікті жерлерін, бай тарихын, ерекше орындарын немесе өзің үшін қымбат мекендерін бейнеролик арқылы таныстырып, байқауға қатысуға болады, деп хабарлайды Arnapress.kz Cемей жастары орталығына сілтеме жасап.
Қатысу шарттары:
Семей қаласынан кез келген көрікті, тарихи немесе ерекше орынды таңдау;
Сол орын туралы 2 минуттан аспайтын креативті бейнеролик түсіру;
Бейнероликте музыка, сөйлеу, актерлік шеберлік, ерекше идея мен монтажды еркін қолдана білу;
Жұмыс сапалы әрі автордың жеке шығармашылық жұмысы болуы қажет;
Дайын бейнероликті әлеуметтік желідегі парақшаңа жүктеп, міндетті түрде төмендегі хештег пен парақшаларды белгілеу сұралады.
Міндетті хештег:
#ТуғанҚаламСемейім
Белгілеу қажет:
@semey_zhastar_ortalygy
@semey_akimdigi
@semey_sayasat
@tura018.kz
Байланыс: 8 747 877 9419
Фото: Arnapress.kz
