Лента новостей

eGov атын жамылған алаяқтардың арбауына түскен Тараздық әйел қаржысынан айырылды

алаяқтық, алдау, егов, смс

Бас прокуратура eGov атынан жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті, деп хабарлайды Arnapress.kz прокуратураға сілтеме жасап.

Қаскөйлер өздерін eGov қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтардың атына электронды цифрлық қолтаңба рәсімделгенін немесе несие алынғанын айтып, ақша аударуға көндіреді.

Тек соңғы бір айда елімізде осындай 30-ға жуық жағдай тіркелген. Мәселен, Тараз тұрғынына алаяқтар хабарласып, оның атына жеті банктен несие рәсімделгенін айтқан. Арбауға түскен әйел көрсетілген шоттарға 2 миллион теңгеден астам ақша аударған.

Бас прокуратура мемлекеттік органдар мен банктер телефон арқылы ақша аударуды немесе «қауіпсіз шотқа» қаражат салуды талап етпейтінін еске салады.

Азаматтарға SMS-код, құпиясөз, банк картасы және ЭЦҚ деректерін бөгде адамдарға бермеу, күдікті қоңырау түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, ұйымға ресми байланыс арналары арқылы өздері хабарласу ескертіледі.

Фото: ЖИ

Просмотров (93)
ТопДок 1