Лента новостей

Бесқарағай ауданында жаңа орман өрт сөндіру станциясы іске қосылды

жаңа, өрт, сөндіру, станция, Бесқарағай

Бесқарағай ауданындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Беген филиалына қарасты Дөңгелек орманшылығында жаңа өрт сөндіру станциясы ашылды, деп хабарлайды Arnapress.kz обляс әкімдігінің баспасөзіне сілтеме жасап. 

Жаңа нысанның ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли қатысып, орман өрттерінің алдын алу және төтенше жағдайларға жедел әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

Бесқарағай – облыстағы орман қоры мол аудандардың бірі. Мұнда 390 мың гектар орман алқабы орналасқан. Орманды өрттен қорғау мақсатында "Семей орманы" аумағында II типті екі жаңа өрт сөндіру станциясы салынды. Оның бірі – Шадруха, екіншісі – Дөңгелек орманшылығында.

Дөңгелек орманшылығындағы станцияның жалпы аумағы 330 шаршы метрді құрайды. Нысан 5 өрт сөндіру техникасын орналастыруға мүмкіндік береді. Мұнда 41 маман еңбек ететін болады.

"Жаңа станцияның іске қосылуы орман өрттеріне жедел ден қоюға, арнайы техника мен жеке құрамның дайындығын қамтамасыз етуге және өрт ошағын бастапқы кезеңде ауыздықтауға мүмкіндік береді. Бесқарағайдың қарағайлы орманы – халқымыздың ортақ табиғи байлығы. Оны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз", – деді Берік Уәли.

Айта кетейік, Бесқарағай ауданында өртке қарсы инфрақұрылымды нығайту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Биыл Жетіжар және Беген ауылдарында да өрт сөндіру бекеттері салынды.

Фото: Облыс әкімінің баспасөзінен

Просмотров (104)
ТопДок 1