Редакциямызға Семей қаласы тұрғынынан қаланың көркіне қатысты ұсыныс келіп түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz
Абай көшесі бойындағы көпір мен сол жағалаудағы айналма жол маңындағы абаттандыру жұмыстарына назар аударуды сұрайды.
"Абай көшесіндегі көпірде шпал өте сүйкімсіз көрінеді. Қазіргі заманда мұндай көрініс ұят қой. Шпалмен шарбақ жасап қойған ба? Көпірдің екінші жағы да сондай. Осындай жағдай сол жағалаудағы кольцода да бар. Абай мешітіне қарама-қарсы орналасқан бұл аумақты да әдемілеп жасауға болады деп ойлаймын. XXI ғасырда мұндай жерлерді заманауи талапқа сай көріктендірсе, қаламыздың ажарын аша түсер еді. Мына баспалдақтарды да сырлап, ретке келтірсе жақсы болар еді. Қалаға көрік беретін осындай жерлерге де көңіл бөлінсе деген ұсынысым бар", – дейді қала тұрғыны.
Фото: Оқырман видеосынан скрин
