Лента новостей

Қазақстанда жыл соңына дейін жедел жәрдем бригадалары бейнежетон алады

медицина, жедел жәрдем, бригада, бейнежетон

Жыл соңына дейін 3 мың 800-ден астам медицина қызметкері мен 2 мың 100 жедел жәрдем бригадасы смарт-бейнежетондармен жабдықталады, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Бұл туралы "Қазақтелеком" өкілі Бахтияр Қожахметов мәлімдеді.

Бейнежетондар мен SOS батырмалары медицина қызметкерлеріне қажет жағдайда полициямен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар елдің ауылдық жерлеріндегі 655 медициналық ұйым мен ҚАЖ жүйесінің 72 мекемесінде телемедициналық кешендер жұмыс істеп тұр. Олар қашықтан 24 түрлі зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Фото: ЖИ

Просмотров (123)
ТопДок 1