Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі тегін берілетін дәрілердің заңсыз сатылуына жол бермеуге мүмкіндік беріп отыр, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Цифрлық бақылау нәтижесінде дәріхана желілері арқылы 26 мыңнан астам қаптама тегін дәрілік препараттың сатылғаны анықталған.
Анықталған фактілер бойынша:
106 медициналық ұйым мен дәріхана тексерілді;
60-тан астам ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
20 млн теңгеден астам айыппұл салынды;
келтірілген залал 36 млн теңгеден асты;
материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.
Цифрлық таңбалау дәрінің өндірушіден пациентке дейінгі қозғалысын бақылауға және дәрі-дәрмек қорын қадағалауға мүмкіндік береді.
Биыл қыркүйектен бастап жүйе биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ) да енгізілді. Ал 2027 жылдан бастап цифрлық таңбалау медициналық мақсаттағы бұйымдарға да қолданылады.
Фото: ЖИ
