Лента новостей

Қазақстанда көлік жүргізуге болмайтын 10 мыңнан астам азамат анықталды

көлік, басқару, денсаулық, жарамсыз

 Елімізде цифрлық деректер алмасу нәтижесінде көлік құралын басқаруға медициналық қарсы көрсетілімі бар 10 мыңнан астам азаматтың жүргізуші куәлігін қолдануы тоқтатылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Үкіметке сілтеме жасап. 

Жүйе динамикалық медициналық бақылауда тұрған және денсаулығына байланысты көлік жүргізуге болмайтын азаматтарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Көлік басқаруға болмайтын аурулар тізімі 8 нозология түрін қамтиды.

"Бұл жұмыс әрі қарай да жалғасын табады. Көлік құралын басқаруға болмайтын аурулар тізбесі нозологияның сегіз түрін қамтиды", – деді денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігін алу кезінде медициналық куәландыру процесі де цифрландырылды. Медициналық анықтама электрондық форматқа көшіріліп, медициналық комиссия қорытындылары ақпараттық жүйелерде көрсетіледі.

Фото: ЖИ

Просмотров (110)
ТопДок 1