Лента новостей

Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы еңбек өтіліне есептеледі

жұмыссыз әке, еңбек өтілі, декреттік демалыс

Қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелер үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есепке алынатын болады деп хабарлайды Arnapress.kz мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл өзгерістер Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі.

Сонымен қатар депутаттардың ұсынысына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салу көзделген. Осыған байланысты заңнамада қолданылып келген "жалғызбасты аналар" ұғымы "жалғызбасты ата-ана" деп өзгертіледі.

Бұдан бөлек, мәслихаттардың құзыреті кеңейтіліп, типтік ережелер негізінде "Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту міндеті жүктеледі.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (271)
ТопДок 1