Лента новостей

Абай облысында гемопоэтикалық бағаналы жасуша донорлары үшін қан сынамалары алынуда

қан орталығы, Cемей қаласы

Абай облыстық қан орталығында бағаналы жасушаларға қатысты іс-шара өтуде деп, Аrnapress.kz тілшісіне орталықтың  кадрлар бөлімінің меңгерушісі Ботакөз Қалибекова хабарлады. 

“2026 жылдың 2-3 ақпанында, сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін Абай облыстық қан орталығында гемопоэтикалық бағаналы жасушалар донорлары үшін қан сынамалары алынуда (9 мл веналық қан). Гемопоэтикалық бағаналы жасушалар (ГБЖ) - сүйек кемігінде түзілетін жасушалар. Дәл осы жасушалардан эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер пайда болады. Олар адамның қан түзу және иммундық жүйесінің негізі болып табылады. Қан аурулары кезінде - мысалы, лейкоз, ауыр анемия, туа біткен иммун тапшылықтары кезінде - сүйек кемігі өз қызметін толық атқара алмайды. Мұндай жағдайда науқас үшін жалғыз мүмкіндік - донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялау”,- дейді  донорлық кадрлар бөлімінің меңгерушісі Ботакөз Қалибекова.

Донор мен реципиент қалай таңдалады?
Егер науқастың туыстары арасынан сәйкес донор табылмаса, туыс емес донорды іздеу басталады. Бұл кезде донор мен реципиенттің HLA фенотиптері толық сәйкес келуі қажет. HLA жүйесі - адамның лейкоциттік антигендер жүйесі (Human Leukocyte Antigens).

“Туыстық байланысы жоқ адамдар арасында толық сәйкестік өте сирек кездеседі - шамамен 10 мың адамның біреуінде ғана. Сондықтан донорлар тізіліміндегі әрбір жаңа адам - біреудің өмірін сақтап қалуға жасалған үлкен қадам”,- дейді Ботакөз Қалибекова

Көп адам сүйек кемігі донорлығы міндетті түрде операция деп ойлайды. Бірақ көбіне гемопоэтикалық бағаналы жасушалар қан арқылы алынады: донорға бағаналы жасушалардың қанға шығуын ынталандыратын арнайы препарат енгізіледі; арнайы аппарат арқылы қажетті жасушалар бөлініп алынады; қалған қан қайтадан донордың ағзасына қайтарылады.

“Облыстық қан орталығында: қысқаша анкета толтырып, 1 пробирка қан тапсырса жеткілікті. 18 бен 45 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер және ауыр созылмалы аурулары болмауы керек, салмағы 50 кг-нан жоғары азаматтар. Мекенжайымыз, Сеченова көшесі, 4/3. Анықтама телефоны: 8 (7222) 42-15-34”, - дейді Ботакөз Қалибекова

Гүлнұр Ахметжан

Фото: жасанды интеллект арқылы

 

Просмотров (144)
Транспорт и перевозки
ТопДок 1