Енді ел ішінде теміржолмен сапарлауға 25% жеңілдік қарастырылған деп хабарлайды Arnapress.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жеңілдікті пайдалану үшін барлық пойыздарда жарамды QURMET дисконттық картасын рәсімдеу жеткілікті. Карта купе, плацкарт және отыратын вагондарға орын шектеусіз билет алуға мүмкіндік береді. Картаның құны – 3000 теңге, жарамдылық мерзімі – 1 жыл.
Сонымен қатар, жастар үшін KETTİK33 дисконттық картасы енгізілді. 15–25 жас аралығындағы жолаушылар бұл карта арқылы купе вагондарындағы жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға билеттерді 33% жеңілдікпен рәсімдей алады. Картаның құны – 3000 теңге, жарамдылық мерзімі – 1 жыл.
Дисконттық карталар жеке тұлғаға рәсімделеді және үшінші тұлғалар қолдана алмайды. Рәсімдеу үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және (қалауы бойынша) электрондық пошта қажет.
Жеңілдіктер тек билет кассаларында немесе bilet.railways.kz сайтында сатып алынған билеттерге қолданылады. Мерекелік және каникул уақытында карталар қолданылмайды:
• 20–29 наурыз 2026
• 25–30 желтоқсан 2026
• Маусым–тамыз айлары
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ ресми Instagram парақшасынан алуға болады.
Фото: жасанды интеллект арқылы
