Лента новостей

Біріңғай зейнетақы төлемін пайдалану ережелері өзгереді

БЗТ өзгерістер, тұрғын үй, бастапқы жарна, Отбасы банк

2026 жылғы 31 қаңтардан бастап зейнетақыдағы артық қаражатты тұрғын үй заемын мерзімінен бұрын өтеу кезінде пайдалану ережелері жаңартылады деп хабарлайды Arnapress.kz Отбасы банкке сілтеме жасап.

Енді БЗТ тек негізгі қарызды өтеуге бағытталады. Ал пайыздар мен міндетті төлемдер жеке қаражат есебінен төленеді.

Бұған дейін зейнетақы қаражаты арқылы ай сайынғы төлемді толық жабуға мүмкіндік болса, жаңа ереже бойынша алдымен пайыздар төленіп, кейін зейнетақы қаражаты негізгі қарызды азайтуға жұмсалады. Бұл несие сомасын жылдамырақ қысқартып, артық төлемді азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар онлайн сервистерді жаңарту жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 31 қаңтар мен 2 наурыз аралығында БЗТ есебінен өтеуге өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады.

Ал 30 қаңтарға дейін берілген өтінімдер бұрынғы ереже бойынша өңделеді. Зейнетақы жинақтарын пайдаланудың басқа бағыттары өзгеріссіз қалады.

Фото: жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (272)
ТопДок 1