Лента новостей

Семейде «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» атты шаңғы жарысы өтті

Шаңғы жарысы,қалалық чемпионат,Абай облысы жаңалықтары

Семей қаласында шаңғы жарысынан “Спорт - терроризм мен экстремизмге қарсы” қалалық чемпионат ұйымдастырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz. Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Спорттық додаға Семей және Курчатов қалаларынан, сондай-ақ Бородулиха ауданынан келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Қатысушылардың жасы 8 бен 50 жас аралығын қамтыды. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой шаңғышылар да қатысты.

Чемпионаттың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тарту және қоғамда терроризм мен экстремизмге қарсы берік азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

“ Бүгін спортты дамыту мақсатында шаңғы жарысын өткізіп отырмыз. Қатысушылар саны 200-ге жуық. Шаңғы – шапшаңдықты, жылдамдықты және төзімділікті талап ететін спорт түрі. Осындай бұқаралық шаралар арқылы барлық жастағы азаматтарды спортқа тарту – басты міндетіміз”, - деді Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ринат Ракишев.

Жарыс қорытындысы бойынша жас ерекшеліктеріне қарай ерлер мен әйелдер арасында жүлделі орындар анықталды.

18–35 жас санаты:
Ерлер: I орын – Меир Кутуев, II орын – Нұрболат Қызырбеков, III орын – Андрей Рафалович.
Әйелдер: I орын – Галина Вишневская-Шепоренко, II орын – Айнаш Сабитова, III орын – Алла Галузова.

36–50 жас санаты:
Ерлер: I орын – Марат Ибраимов, II орын – Ернат Рыспаев, III орын – Елжан Лепсибаев.
Әйелдер: I орын – Татьяна Купцова, II орын – Галина Залознева, III орын – Мөлдір Аяшқанова.

50 жастан жоғары санат:
Ерлер: I орын – Еркін Нығыметов, II орын – Мират Магзумов, III орын – Нұрлан Бегадилов.
Әйелдер: I орын – Светлана Алимбаева, II орын – Елена Каинова, III орын – Вера Губанькова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен медальдармен марапатталды.

Фото: ОКҚ бейнежазбасынан скриншот

Просмотров (618)
ТопДок 1