Лента новостей

2029 жылғы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді

Қысқы олимпиада, 2029 жыл, Алматы

Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми қабылдаушысы атанды. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz

АОК таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, қабылдаушы қала мәртебесіне қатысты келісімге 5 ақпанда, Италияның Милан қаласында қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін 2029 жылғы қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясы қабылдайды деп жоспарланған болатын. Алайда қаңтар айында елдің Олимпиада және Паралимпиада комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесі бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың белгісіз мерзімге шегерілгенін хабарлаған еді.

Еске салсақ, келесі қысқы Азия ойындары 2025 жылғы 6 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтеді.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (164)
ТопДок 1