Лента новостей

Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтетін тестілеу жайлы

азаматтық алу, тестілеу, тестілеу

Абай облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтетін тестілеу туралы хабарлады дейді Arnapress.kz департаментке сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 3–10 ақпаны аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығын алу мақсатында қазақ тілін және Қазақстан тарихын білуге арналған тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылданады.Тестілеу 11 ақпан күні өтеді. Қатысу үшін талапкерлер өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн режимде бере алады.

Өтініш беру және тестілеуге қатысты негізгі сілтемелер: өтініш беру: app.testcenter.kz, нәтижелерді тексеру: certificate.testcenter.kz

Тест тапсырмаларының жалпы саны - 100 сұрақ, оның ішінде: қазақ тілі - 30 тапсырма, ҚР Конституциясының негіздері - 40 тапсырма, қазақстан тарихы - 30 тапсырма

Өту үшін қажетті шекті балл - 100 баллдан кемінде 50 балл, оның ішінде, қазақ тілі - кемінде 15 балл, ҚР Конституциясының негіздері - кемінде 20 балл, қазақстан тарихы- кемінде 15 балл. Тестілеуге берілетін жалпы уақыт - 2 сағат 10 минут. Қатысу құны - 14 693 теңге.

Тестілеу нәтижесі бойынша шекті баллдан асқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қазақ тілінде электрондық сертификат беріледі. Ал белгіленген балл жинай алмаған жағдайда электрондық сертификат ұсынылмайды.

Фото: жасанды интеллект арқылы

Просмотров (182)
ТопДок 1