Лента новостей

Наурызда Қазақстандықтар қанша күн демалады

Наурыз, мереке күндер, демалыс

Наурыздағы мерекелерге байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz eGov.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 7–9 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін демалыс 8 және 9 наурызға сәйкес келеді. 10 наурыз, сейсенбі – жұмыс күні.

Ал Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21–23 наурыз аралығында аталып өтеді. Биыл 21 және 22 наурыз сенбі мен жексенбіге түскендіктен, демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады. Осылайша, қазақстандықтар 21–25 наурыз аралығында бес күн қатарынан демалады.

Айта кетейік, Қазақстандағы мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне сәйкес, биыл наурыз айында азаматтарға қосымша демалыс күндері қарастырылған.

Фото: eGov.kz

Просмотров (372)
ТопДок 1