Лента новостей

Абай облысы тумасы Ұлттық "Айбозда" Үздік аудармадан 5 миллион алды

Айбоз, ұлттық әдеби сыйлық, байқау

Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында 2025 жылғы "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты жайлы өз әсерімен, жеңісімен Әсем Ережеқызы Аrnapress.kz тілшісіне бөлісті.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары -  ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы Мереке Құлкенов қатысуымен өткен салтанатты кеш есте қаларлық болды. 

“Биыл «Айбоз» сыйлығына жеті номинация бойынша 180-ге жуық өтінім түскен. Байқаудың ерекшелігі - қазылар алқасы шығармалар авторын білмей, әділ дауыс беру арқылы үздіктерді анықтаған. Үздік аударма номинациясын жеңіп, сондай қуаныштымын. Абай топырағы туған жерім, елім бәрі құттықтап жатыр, облыс әкімі де өз лебізін білдіруде. Көзі қарақты қауым біледі қазақ, орыс тілінен, қандай тілде болсын түрік тіліне аударма жасап жүрмін. Әзербайжан, қырғыз, өзбек тілдерінен қазақ тіліне аударып жүрмін. Соңғы үш жылда бас алмай жұмыс жасадым. 13-14-тей кітап шыққаны бар, баспада дайын тұрғаны бар. Сондықтан бағымды сынап көрейін деп байқауға аударған шығармамды ұсындым. Арнайы таңдап, Қызғызстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сұлтан Раевтың “Күн қармаған бала” деген повестін аудардым. Бұл повесть Қазақстанда бірнеше рет сомдалған. Был бірінші рет қатысып, жеңіске жетіп жатырмыз, 5 миллион сертификаты берілді, қуаныштымын!”, - дейді “Үздік аударма” жеңімпазы Әсем Ережеқызы 

Жеңімпаздар тізімін ұйымдастырушы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegramда жариялады: 2025 жылғы жеңімпаздар:

Үздік поэзия - Хамит Есеман, “Айша бибі”

Үздік проза – Дәурен Қуат, "Бруклин көпіріндегі кездесу" 
Үздік драматургия - Әділбек Ыбырайымұлы, “Кенесары хан”
Үздік аударма - Әсем Ережеқызы, “Күн қармаған бала”
Үздік балалар әдебиеті - Қанат Әбілқайыр, “Алтын бала”
Үздік әдеби сын - Амангелді Кеңшілікұлы, “Мұқағали мен Енхе. Ақын мен адамның драмасы”
Үздік комикс - Ильдар Сансызбайұлы, “ТАБУ. Жоғалған үміттің ізі”

Гүлнұр Ахметжан

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Просмотров (577)
ТопДок 1