Лента новостей

«Қорғас» ШЫХО уақытша жабылады

Қорғас, уақытша жабылу

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) 2026 жылғы 16 ақпаннан 1 наурызға дейін уақытша жабылады деп хабарлайды Arnapress.kz “Қорғас” ШЫХО әкімшілігіне сілтеме жасап.

Қытайдағы Жаңа жыл мерекесіне және осы кезеңде "Қорғас" ШЫХО-ның қытай тарапындағы қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты болмақ.

Аталған уақытта Қазақстан тарапында туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

"Қорғас" ШЫХО 2026 жылғы 2 наурыздан бастап қалыпты режимде жұмысын қайта жалғастырады, – деп хабарлады әкімшілік.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (178)
ТопДок 1