Семей қаласының сәулет және қала құрылыс бөлімі тұрғынның Би Боранбай көшесіне қатысты бұған дейін тұрынның жолдаған бейнежазбасына байланысты жауап берді, деп хабарлайды Arnapress.kz
“Семей қаласының 2024 жылғы 7 қазанда бекітілген бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, аталған учаскеде төрт жолақты автомобиль жолын салу көзделген”, - делінген хабарламада
Қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту және жол қозғалысын жақсарту бағытындағы жұмыстар қолданыстағы қала құрылысы құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Фото: Семей қаласы тұрғынының жіберген видеосынан скрин
