Лента новостей

Семейлік тұрғын бір көшеге қосымша жолақ салуды ұсынды

көше, кептеліс, Би Боранбай, Семей, ұсыныс

Семейдегі Би Боранбай көшесіндегі көлік кептелісіне қатысты қала тұрғыны редакцияға мәселе көтеріп, хат жолдады, деп хабарлайды Arnapress.kz 

"Мынау Би Боранбай көшенің екі жағында да жолды кеңейтуге мүмкіндік беретін бос орындар бар. Соған қарамастан, мұнда демалыс күндерінің өзінде көлік кептелісі жиі байқалады. Бұл аумақта екі аудан мен зауыттар орналасқандықтан, көлік қозғалысының қарқындылығы да жоғары", – дейді қала тұрғыны

Тұрғын қала әкімдігінен Би Боранбай көшесін кеңейту мәселесін жедел қолға алып, жолдың әр бағытына қосымша бір жолақтан қосуды қарастыруды сұрайды. Сондай-ақ бұл мәселені келесі жылдың жоспарына енгізіп, нақты шешім қабылданса деген тілегін жеткізді.

"Сіздің жаңалықтар" айдарына мәселеңіз болса осы номерге жіберіңіз! +77085043005

Фото: Қала тұрғыны жіберген видеодан скрин

Просмотров (170)