Семейдегі “Су және ойын спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиеленушілерінен құралған Абай облысының су добынан құрама командасы Қазақстан Республикасының чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Arnapress.kz

14 жасқа дейінгі жасөспірімдер (U-14) арасындағы Қазақстан чемпионатында Абай облысының ұлдар командасы тарихи жетістікке жетіп, күміс жүлдеге ие болды және ел вице-чемпионы атанды. Жарысқа еліміздің 8 командасы қатысты. Нәтижесінде жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – Астана
2-орын – Абай облысы
3-орын – Талдықорған

Жеке номинациялар:
Құсман Мансұр, Байгалиев Ануар, Ширшов Дмитрий, Амангелді Бексұлтан - MVP – үздік ойыншылар атанды.

“Үздік сұрмерген” – Төлеген Алан иеленді.
Осы сайысқа қатысқан 2012 жылы туған және одан кіші жастағы қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Абай облысының қыздар командасы қола жүлдеге ие болды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік командалар:
1-орын – Тараз
2-орын – Астана
3-орын – Абай облысы

Жеке номинациялар:
Меримбаева Элина, Асқарова Іңжу, Бөрібай Айсана, Ролланқызы Ақмарал, Құралбек Ақбота MVP – үздік ойыншылары атанды.
"Үздік шабуылшы" – Меримбаева Элина иеленді.

Бұл жетістіктер – жаттықтырушылар Еркебаев Бауыржан мен Майданбеков Абзалдың қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жемісі.
"Финалдық ойын оңай болған жоқ. Қарсылас команда мықты болғандықтан, ойыншыларымыздан жоғары дайындық пен үлкен төзімділік талап етілді. Жігіттер бар күш-жігерін салып, жақсы ойын көрсетті. Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иелену – біз үшін үлкен жетістік. Қыздарымыздың қола жүлдеге қол жеткізуі де қуантады. Бұл нәтижелер — балалардың еңбегі мен жаттығудағы табандылығының жемісі. Алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмысымызды жалғастырамыз", - дейді Бауыржан Еркебаев
Жас спортшыларымызды, жаттықтырушыларымызды және ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Абай облысының абыройын асқақтатып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Фото: Байтубаев Мадийден
