Лента новостей

Семейде жазушы Роллан Сейсенбаевтың мерейтойына арналған шаралар ұйымдастырылады

іс, шара, мәдениет, Соғыс майданы, Роллан Сесенбаев

Бүгін Семей қаласында қазақ әдебиеті мен руханиятының көрнекті өкілі, белгілі жазушы Роллан Сейсенбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай театрына сілтеме жасап. 

Мерейтой аясындағы алғашқы кездесу бүгін сағат 15:00-де Абай атындағы әмбебап кітапханада өтеді. Мұнда зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар бас қосып, жазушының шығармашылық мұрасы мен әдебиеттегі орны туралы ой бөліседі.

Ал сағат 18:00-де Абай атындағы театр сахнасында көрермен назарына "Майдан әндері" спектаклі ұсынылады.

Қойылымда соғыс жылдарының ауыртпалығы, майдангерлердің жан күйзелісі, туған жерге деген сағынышы мен адам тағдырының күрделі қырлары бейнеленеді. Спектакль көрерменді өткен тарихты тереңірек түсінуге, бейбіт өмірдің қадірін бағалауға және адамгершілік құндылықтар туралы ойлануға жетелейді.

Театр сахнасындағы әрбір көрініс – өткен дәуірдің шындығын жеткізетін көркем шежіре. Майдан тақырыбына арналған мұндай туындылар ерлік пен елдік ұғымын жаңғыртып қана қоймай, бүгінгі бейбіт күннің оңайлықпен келмегенін еске салады.

Мерейтойлық кештің құрметті қонақтары қатарында Қазақстанның халық әртістері Секен Тұрысбеков пен Төлетес Мейрамов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шахимардан Әбілов және әнші Сүндет Байғожин бар.

Роллан Сейсенбаевтың 80 жылдығына арналған бұл шаралар – бір қаламгердің шығармашылығына көрсетілген құрмет қана емес, ұлттық мәдениетімізді дәріптеп, тарихи жадымызды жаңғыртуға бағытталған маңызды рухани басқосу.

Екі мәдени іс-шараға да кіру тегін.

Іс-шаралар бағдарламасы:

15:00 – Абай атындағы әмбебап кітапханадағы кездесу;
18:00 – Абай атындағы театрда "Майдан әндері" спектаклі.

Басты фото: Жасанды интеллект арқылы

Фото: Абай тетары

Просмотров (97)