Лента новостей

Абай облысындағы Березовскийде 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

құқық, бұзушылық, Березовский

Абай облысының Березовский кентінде Семей қаласы полиция басқармасының қызметкерлері "Бірыңғай профилактика күні" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, аумақты тексеру кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылып, көшелер мен жолдар бақыланды. Нәтижесінде заңсыз қоқыс орындары анықталып, тиісті материалдар уәкілетті органдарға жолданды.

Учаскелік инспекторлар кенттегі алты көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерін аралап, Фабричный тұйық көшесі мен Заозерная көшесінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндіріліп, тұрғындарға пайдалы кеңестер берілді. Сонымен қатар кіреберістер мен дүкендерге учаскелік инспекторлардың байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық жадынамалар орналастырылды.

Профилактикалық іс-шара қорытындысы бойынша 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 11 азамат қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені және мас күйде жүргені үшін, үшеуі отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін, тағы бір азамат есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынғаны үшін жауапқа тартылды. Отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық жасаған үш адам профилактикалық есепке қойылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді.

Фото: Полиция департаменті

Просмотров (1098)