Лента новостей

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді

қылмыс, күрес, тінту

2026 жылғы 4 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап

Іс-шара қару-жарақты заңсыз өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөліктерді заңдастыру, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың әрекетін тоқтатуға бағытталды.

Арнайы операция бір мезгілде Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Абай және Жетісу облыстарында өтті.

Нәтижесінде 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы мен оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Фото: Жасанды интеллект арқылы жасалды

Просмотров (168)
ТопДок 1